Жаңалықтар
«Қазақстандағы мегаполистердің аграрлық азық-түлік белдеуі және ауыл шаруашылығының кооперациясы: мәселелері, ізденістері және шешімдері» атты халықаралық ғылыми -тәжірибелік конференция
- Қаралды: 431
«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Президенттің Жолдауында, Қазақстан әлемде ең ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі болуы қажет. «Made in Kazakhstan» бренді сондай өнімдердің эталоны болуға тиіс деп айтып өткен еді.
Еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің нақты ресурстарының бірі Қазақстанда жаңадан туындап келе жатқан мегаполистердің аграрлық азық-түлік аймағы болып табылады. Мемлекет басшысы қалалардың айналасынан мегаполистерді қалыптастыру туралы бірнеше рет мәселелер қойған болатын. Елдегі аймақтық органдарының тапсырмасын орындау үшін аграрлық азық-түлік аймағының тұжырымдамасының жобасы әзірленуде, оны жүзеге асыру үшін кешенді бағдарламалар мен іс-шаралардың жасалуы талап етілуде.
Осыған байланысты М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 2017 жылдың 24-25 қарашасында «Қазақстандағы мегаполистердің аграрлық азық-түлік белдеуі және ауыл шаруашылығының кооперациясы: мәселелері, ізденістері және шешімдері» атты халықаралық ғылыми -тәжірибелік конференция өтті. Конференцияны ұйымдастырушылар болып Шымкент қ. әкімдігі мен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті табылады.
Пленарлық мәжіліс Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Ресей жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі, Баймуханов Тимур Сұлтанбекұлының «Шымкент қаласының азық-түлік белдеуінің тұжырымдамасы мен моделінің кейбір мәселелері» атты баяндамасымен басталды. Одан әрі қарай, Сарманов Қали Сатыбалдыұлы, техника ғылымдарының кандидаты, «Қайнар май» Сайрам-Агро ауыл шаруашылығы кооперативі заводының директоры «Шымкент қаласының азық-түлік белдеуінің агроконсалтингтік асқабақ пен сафлорды өндіру және қайта өңдеу мәселерінің тиімділігі», Қалыбеков Нұржан Жантөреұлы «Зеромакс» ЖШС директоры, «Шымкент қаласының азық түлік белдеуін қалыптастыру «Өндірістік кооперативтерде жылыжай өсімдік шаруашылығын дамыту», Аширов Әбдімәлік Манапұлы, техника ғылымдарының докторы, профессор, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі, «Биостимуляция әдісімен мегаполистердің ауылшаруашылық азық-түлік белдеуіндегі кірісті арттыру мәселесі бойынша», Навольский Тарас, сарапшы ғалым, Қазаграном ЖШС, Украина «Шымкент қаласының азық-түлік белдеуінің «Қазагроном» жылы жайында (Голландия) жабық жердегі көкөністерді өсірудің қарқынды технологиясы», Байтөре Қуаныш Қоңыратбайұлы, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының (АИО) директорлар кеңесінің төрағасы, «Шымкент қаласының азық-түлік белдеуінің ауылшаруашылық кооперативтерін қаржыландыру», Тухтакузиев Абдусалим техника ғылымдарының докторы, профессор, «Ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру» ғылыми-зерттеу институты, (ИМЭСХ), Янгиюль қ. Өзбекстан, «Өңдеу тереңдігі бойынша дисклі тырманың жүріс бірқалыптылығын зерттеу», Қожабаев Мажит, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Шымкент қаласының азық-түлік белдеуінің ветеринарлық қауіпсіздігі мәселесі» атты баяндамаларын жасады.
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізілді:
1. |
Мегаполистердің аграрлық азық-түлік аймағы, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін жоғарылату; |
2. |
Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің технологиясы және экологиялық аспектілері; |
3. |
Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу және өндіру технологиялары; |
4. |
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің техникалық құралдары мен машина технологияларын дамытудың негізгі бағыттары; |
5. |
Ауылдық тауар өндірушілерді қолдаудың экономикалық механизмі және қаржы-несие жүйесі; |
6. |
Агроөндірістік кешенді құқықтық тұрғыдан реттеуді жетілдіру; |
Конференция тақырыбы бойынша маңызды ғылыми зерттеу нәтижелері бар Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары мен ғылыми- зерттеу институттарының профессор-оқытушылар құрамы мен ғалымдар, докторанттар, магистранттар, студенттер, сондай-ақ, ауылшаруашылық кооперативтер Ассоциациясының, Қазақстанның фермерлер одағының және ауылшаруашылық мекемелердің жетекшілері конференция жұмысына қатысуға шақырылды.
Конференцияның қорытындысы бойынша агроөнеркәсіп кешені, мегаполистің агроөнеркәсіптік кешені саласындағы зерттеулерді жетілдіру жолдары; ауылшаруашылық кооперативтерін, аграрлық экспорт өнімдерін өндіруді, топырақ құнарлығын молайтудың экологиялық аспектілерін, ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру және өсіру, жерді тиімді пайдалануды арттыруды одан әрі дамыту, ауыл шаруашылығын зерттеуге инвестицияларды ұлғайту ұсынылған резолюция қабылданды.