«Ашық есік күні»

2020 жылдың 4ақпан күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің акт залында «Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің  ұйымдастыруымен Шымкент қаласының колледж және мектеп түлектеріне «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді. Іс-шараны химия ғылымдарының кандидаты, доцент, «Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің деканы Нарманов М.М. ашып, факультет құрамындағы кафедралармен, білім бағдарламаларымен таныстырды. Университеттің кәсіптік бағдар беру орталығының  директоры Айтуреев М.Ж. және факультет кафедра меңгерушілері сөз алып университет білім беру бағдарламалары және оқуға түсу ережелерімен мектеп бітіруші түлектерді таныстырды. Аталған іс-шараға  факультеттің белсенді  студенттері, магистранттары және университетте оқитын студенттердің ата-аналары, жұмыс берушілер келіп қатысып өз ойларымен бөлісті.Іс-шара «Механика және мұнайгаз ісі» факультетінің  кафедраларының  зертханаларын экскурсия жасаумен аяқталды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.