Жаңалықтар
"Оқушыларды техникалық бағытта ғылыми жоба жұмысына дайындау әдістемесін жетілдіру"
- Қаралды: 336
2020 жылы 4 ақпанда М.Әуезов атындағы ОҚМУ және №52 мектеп-лицейі арасындағы серіктестік жұмыс аясында ғылыми-әдістемелік "Оқушыларды техникалық бағытта ғылыми жоба жұмысына дайындау әдістемесін жетілдіру" тақырыбында іс-шара өтті. Іс-шара мақсаты: бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ дайындау. Оқушыларды техникалық бағытта ғылыми жоба жұмысына дайындау, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу.
Іс-шараға М.Әуезов атындағы ОҚМУ оқытушылары: т.ғ.к., доцент, «Архимед Perpetuum mobile» КА ғылыми жетекшісі Наурызбаев Қ.К., «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Изтаев Ж.Д., «Сәулет» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Иманәлиев Қ.Е., «Кәсіптік бағдар беру» орталығы директоры, т.ғ.к., доцент Айтуреев М.Ж., «Шөген» федерациясының атқарушы директоры Бүркіт А.Қ. және мектеп-лицей директоры Бимырзаева А.Ж бастаған мектеп ұжымы мен оқушылары қатысты. Мектеп оқушылары ғылыми-зерттеу жұмыстарын баяндап, «Үздік жас зерттеушілер», «Ең үздік оқушы» номинацияларымен марапатталды.