«Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектебінің «Ашық есік»күндері

2020 жылдың03 ақпан күніМ. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Ақпараттық технологиялар және энегетика» жоғары мектебі ұйымдастыруымен Шымкент қаласының орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары бітірушілері арасында жоғары оқу орнына түсу бойынша тиісті ақпараттық түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуге бағытталған «Ашық есік» күні өтті. Аталған іс-шараға қаламыздың 10 нан астам мектеп және колледждерден 500 ден астам бітірушілер қатысты. Сонымен бірге, өз оқу ордалары туралы ойларымен бөлісуге университет білім алушылары, түлектер және өңіріміздің кәсіпорындарынан өкілдер қатысты.

Іс-шараны университеттің кәсіптік бағдар беру орталығының директорыАйтуреев Мұрат Жарылқасынұлын ашып, бітірушілерге университет, оның мамандықтары және оқуға түсу ережелерімен таныстырды. Жоғары мектеп деканы міндетін атқарушы Исмаилов Хайрулла Бахтиярұлы «Ақпараттық технологиялар және энергетика» жоғары мектеп туралы презентация көрсетті.

Баяндама жасаған белсенді студенттер, магистранттар, түлек және жұмыс берушілер презентациялық баяндамалар жасапр, жастарға өз ақыл ойларын айтты. Бітірушілер кәсіби-бағдар беру материалдарымен қамтамасыз етілді.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.