Жаңалықтар
"Жол ортасынағы дағдарыс: электрондық ресурстардың қазіргі заманғы білім беру нарығының негізгі мәселелері"
- Қаралды: 321
30 қаңтарда университеттің Ақпараттық білім беру орталығында "Жол ортасынағы дағдарыс: электрондық ресурстардың қазіргі заманғы білім беру нарығының негізгі мәселелері" тақырыбында кездесу өтті, сондай-ақ "Гребенников" баспа үйінің "Электрондық кітапханасы: жоғары оқу орындарымен және кітапханалармен ынтымақтастық тәжірибесі дамудың негізгі перспективалары" тақырыбында Мәскеу қаласындағы "Гребенников» баспа үйінің бас директоры А.В.Халюков кітапхана қызметкерлерімен және ғылыми-зерттеу басқармасымен бірге өткізді. Іс-шараға "Басқару және бизнес" жоғары мектебінің және Заң факультетінің оқытушылары қатысты. Оқытушылар "Гребенников" баспа үйінің қызметі туралы, өз мақалаларын тегін басып шығару және қаламақы алу мүмкіндігі туралы ақпараттар алды. Сондай-ақ "Гребенников " баспа үйі - Grebennikon электронды кітапханасы университетке 3 айға тестілік рұқсат беріледі. Электронды кітапханада маркетинг, менеджмент, қаржы және персоналды басқару бойынша 28 мерзімді басылымдар ұсынылған. Электронды кітапхана 250 тақырып бойынша айдарларға ие, мақалаларға аннотациялар, авторлар, атау және негізгі сөздер бойынша мақалалар іздеуге мүмкіндік береді.