Жаңалықтар
«Ашық есік күні»
- Қаралды: 343
31.01.2020ж. күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғарғы мектебі Шымкент қаласының колледж және мектеп бітірушілеріне кәсіби бағдар беру мақсатында «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.
Ашық есік күніне тоқыма және тамақ өнеркәсібі саласындағы жұмыс беруші мекеме басшылары: «Бал Текстиль» ЖШС-ң өндіріс басшысы Қарақұлов Н., «Алия» ЖШС-ң директоры Ширшикбаева Н., «Темиршиков и К» ЖШС-ң директоры Темиршиков И., ата-аналар, университет түлектері, магистранттар, мектеп және колледж бітіруші түлектері қатысты. Болашақ талапкерлерге университеттің білім бағдарламалары, материалдық-техникалық базалары мен жетістіктері, жоғары мектеп мамандықтарының өзіне тән ерекшеліктері, болашақ жұмыс орындары туралы ақпарат берілді.
Іс-шара соңында мектеп оқушылары мен колледж студенттері «Тоқыма және тамақ инженериясы» жоғарғы мектебі кафедраларының оқу зертханаларында болып, профессор-оқытушылармен сұхбаттасып, ғылыми- зерттеу үйірмелері жұмыстарымен танысты.