Жаңалықтар
Адалдық дүкені
- Қаралды: 529
28.01.2020 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ- де «Адалдық дүкенінің» ресми ашылуы өтті. Университет ректоры Дария Пернешқызы мен «Шымкент-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Ерасыл Әшірбайұлы дүкен лентасын қиып, алғашқы сатып алушылар болды. Адалдық дүкені – университет қызметкерлері мен білім алушыларын қажетті кеңсе тауарларымен, бірінші кезекте қажетті заттармен қамтамасыз ететін және өзіне-өзі қызмет көрсету қағидасы негізінде жұмыс жасайтын дүкен.
Дүкенді ашу мақсаты – университетімізде сенім атмосферасын қалыптастыру, жастарға өзін жақсы қырынан танытуға мүмкіндік беру, жеке жауаптылықты сезінуге ықпал ету.
Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз