«АШЫҚ ЕСІК КҮНІ»

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің АКТ залында «Химиялық инженерия және биотехнология»  жоғары мектебі  30.01.2020ж. Шымкент қаласының  11 жалпы орта мектептерінің  бітіруші түлектері арасындағы болашақ мамандық таңдауға кәсіби- бағыт бағдар беру мақсатында университетте дайындалатын еңбек нарығында  сұранысқа ие мамандықтар жайлы толыққанды ақпарат беру  үшін «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» іс-шарасын өткізді .

Іс-шараны техника ғылымдарының докторы, профессор, ЖОО екі дүркін үздік оқытушысы, «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебінің деканы Анарбаев Абибулла Әбілдаұлы ашып мектеп бітіруші оқушылар жоғары мектептің мамандықтары мен даму перспективалары ақпарат берді.

Бір жарым сағатқа созылған іс-шарадағы университет студенттерінің ата-аналарының, бітіруші түлектерді жұмыспен қамтып отырған  мекеме басшыларының бітіруші түлектердің болашақ мамандықтарын жүрек қалауымен таңдау керектігі жәнеде әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері жайлы тартымды әңгімелері мектеп бітіруші оқушыларға терең ой салғанын байқадық. Жалпы  іс-шара  өте жайлы жылы атмосферада өтті.

Әр мектеп бітіруші оқушыға университет және факультет мамандықтары туралы материалдар тарқатылып бітірушілердің сұрақтарына толыққанды ауызша жауап берілді. Іс-шара мектеп бітіруші оқушыларды  «Химиялық инженерия және биотехнология» жоғары мектебі кафедраларының арнайы зертханаларына экскурсия жасаумен аяқталды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.