«ИНТЕЛЕКТУАЛДЫ ҰЛТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ИДЕЯСЫ АБАЙДАН БАСТАУ АЛАДЫ» атты форум

2020 жылы 31 қаңтар күні сағат 10.00-де М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің бас ғимараты2 қабат  конференция залында «Қазақстан халқы Ассамблеясы арнайы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Интелектуалды ұлт қалыптастыру идеясы  Абайдан бастау алады»   форумы өткізілді.

Форумның мақсаты – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»,  «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық  мақалалары және Қазақстан Республикасының Презеденті Қ. К. Тоқаевтың 2019 жылғы 30 мамырдағы Абай Құнанбайұлының 175-жылдығын мерекелеу туралы Жарлығы, 2020 жылғы  9 қаңтардағы  «Абай және ХХI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын жүзеге асыру аясында «Интелектуалды ұлт қалыптастыру идеясы  Абайдан бастау алады»   Форумы арқылы  жастардың бойына  Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының ақыл -  ойларын қалыптастыру.

Форумның модераторыЕсеналиев Асқат Ералыұлы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті «Қазақстан халқы Ассамблеясы арнайы кафедрасының» меңгерушісі, з.ғ.к., доцент.

         Қатысушылар: Мәжінбеков Сәкен Аралбайұлы – Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегіпроректор,Мырзахметов Мекемтас Мырзахметұлы - Абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор,Қалмұратов Мұратәлі Оразалыұлы - Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі,Қалдыбек Сейданов – Халықаралық Тұран Академиясының Академигі,Мыңбаев Рашид Мамытұлы - Шымкент қаласы мəдениет, тілдерді дамыту жəне архивтер басқармасының  басшысы,Арайлым  Бексейтова – Шымкент қалалық  ішкі саясат және дін істері басқармасы. Рухани жаңғыру бөлімінің менеджері,Әліпхан Мақсат – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, «Абайтану» орталығының жетекшісі, Арыстанова Асылзат Оспанқызы  -  Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры міндетін уақытша атқарушы Қалшабеков  Ақжол Батырұлы - филология ғылымдарының кандидаты, доцент Мұхтартану ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкер, Сатвалдиев Алишер Гапиржанович - «Жанубий Қозоғистон» газетінің Директор-Бас редакторы, Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы журналистер мен блогерлер клубының жетекшісі, Пак Тимур Андреевич - «Қазақстан кәрістері ассоциациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының Жастар қанатының төрағасы, №88 Жалпы орта мектебінің мұғалімі, Исабек Әзімхан -  М.Әуезов атындағы ОҚМУ магистранты, Шымкент қаласы ҚХА «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлесітігінің жанындағы «Көркем әжелер» тобы, Мергенбай Сезім Мергенбайқызы – Филология  факультетнің студенті, Хамраев Алишер Ягшымырадович - М.Әуезов атындағы ОҚМУ магистранты Түркмен Республикасы, Сыдық Асан – Жалпы педагогика және музыкалық білім беру кафедрасының студенті,ПОҚ мен студент жастар қатысып өз ойларымен бөлісті.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.