Ашық есік күні.

29.01.2020  М.Әуезов атындағы  ОҚМУ-дың Аграрлық факультетінің акт залында кәсіби-бағдар беру жұмыстары аясында «Ашық есік күні» өтті. Бұл іс-шараға Шымкент қаласында орналасқан №19, 24, 50, 53, 66, 89, 101, 116, 119, 120 мектептің 11-сынып оқушылары, Оңтүстік Қазақстан жаңа технологиялар колледжі, Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі, Түркістан аграрлық колледжі және ОҚМУ-дың колледжінің бітірушілері , жұмыс беруші кәсіпорындардың басшылары, мамандар, және аграрлық факультетті бітірген түлектері қатысты. Іс-шара барысында жиналған қонақтарға ОҚМУ туралы, Аграрлық факультет туралы видеоролик көрсетілді. Келген қонақтарға мамандықтар жөнінде, ҰБТ жайлы өзгерістер мен жаңа ережелер жөнінде тиянақты ақпарат беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бітірушілерге арналған талапкер анықтамалығы және университеттің газеттері таратылды. Іс-шара кезінде бітірушілерге арнап зертханалық көрнекті іс-тәжірибелер көрсетіліп, жасалды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.