«БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ЖАСТАРЫ БЕЙБІТШІЛІККЕ ҮНДЕЙДІ»

2020 жылы 2 ақпанда М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі, Тәрбие және жастар саясаты департаменті, студенттік «Ақиқат» пікір-сайыс клубы университет ректорының кубогына «БЕЙБІТ ЕЛДІҢ ЖАСТАРЫ БЕЙБІТШІЛІККЕ ҮНДЕЙДІ» атты оқушылар мен студенттер арасында өтетін ҚАЛАЛЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІН өткізеді.

 ІС-ШАРАНЫҢ МАҚСАТЫ: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын орындау, ұлттың рухани жаңғыруы үшін ұлттық саясаттың басымдықтарымен университеттегі білім алушыларды таныстыру. Қоғамдық сананы жаңғыртудың маңыздылығын түсіндіру және «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы» басымдығының мән-мағынасын студенттердің пікір-талас барысында өзінің анықтауы, көз жеткізуіне қол жеткізу; қоғам мен мемлекет арасында диалогты кеңейтудің жолдарын іздестіру және меңгеру.

ҚАТЫСУШЫЛАР: М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Ақиқат» дебат клубының мүшелері;

Шымкент қаласының 9 жоғарғы оқу орындарының дебат клубтарының өкілдері: ОҚМПУ; ОҚМА; М.Сапарбаев атындағы ОҚГИ; Silkway Халықаралық университеті; «Мирас» университеті; АӘИУ; ШУ; Академик Ә.Қуатбеков атындағы ҚХДУ; ХГТУ. Шымкент қаласының 19 орта мектептерінің жоғарғы сыныптардың оқушылары. БАҚ өкілдері.

ЖАЛПЫ: 15 команда (56 студент) және орта мектептерден 19 команда (52 оқушы) – барлығы 108 пікірсайысшы.

ІС-ШАРА НӘТИЖЕСІ: Жастар арасында шешендік мәдениетті, толеранттылық тәртіп танымын дамытып және қоғамның эволюциялық дамуы туралы дұрыс көзқарасын қалыптастыру арқылы олардың азаматтық қоғамдағы өз шешімдерін бірлік пен бірегейлік тұрғысынан қабылдауға бағыт беру.

Пікірсайыс турнирінің қатысушыларына беріледі:

Төрешілер шешіміне сәйкес пікірсайыс турнирінің барлық қатысушыларға турнирде белсенділік танытқаны үшін сертификат, жеңімпазы атанған фракция, І орын арнайы Кубок, ІІ, ІІІ, IV орын, «Үздік спикер», «Үздік төреші» диплом және естелік сыйлықтар табыс етіледі.

Сонымен қатар, І, ІІ, ІІІ, IV орын иелеріне М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «МИРАС» рухани жаңғыру академиясының «Рухани жаңғыру» бағдарламаны игеру оқу курсына арнайы жолдама беріледі.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.