Жаңалықтар
Жаппай ашық онлайн курстары
- Қаралды: 629
Университетімізде Open Edx ашық платформасындағы жаппай ашық онлайн курстарын (ЖАОК) ендіру іс-шаралары табысты қолға алынып отыр. Осыған орай жаһандық білім беру саласындағы ең танымал үрдістердің бірі Жаппай ашық онлайн курстар (ЖАОК) бойынша оқытушы-профессорлық құрамның біліктілігін арттырып, тәжірибелік білімдеріне қолдау көрсету үшін 18.02-1.03.2019ж. мерзімі аралығында Ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бөлімі, Қашықтықтан оқыту институтымен бірлесе отырып «Жаппай ашық онлайн курстар» тақырыбындағы біліктілігін арттыру курсын ұйымдастырды. Аталған курстың түпкі мақсаты, оқытушылардың заманауи білім беру үдерістері бойынша білімдерін арттырып, унивeрситeтіміздің халықаралық рeйтингтeрдeгі пoзициясын жақсарту және білім нарығындағы бәсeкeгe қабілeттілігімізді арттыру болып табылады.
Курстың лекторлары ф.-м.ғ.к., доцент Қашықтықтан оқыту институтының бөлім жетекшісі Досыбеков С.Қ., Электрондық оқу-әдістемелік басылымдар орталығының инженер-бағдарламашылары Шайдуллина А.А., Кедельбаева М.С. түсірілімге қатысу, видеоны өңдеу, курс құрылымын әзірлеу және әр қатысушының жеке ЖАОК курстарының прототипін жасау шаралары және т.б. бойынша сабақтар өтті.