Жұмыс берушілермен кездесу

20 ақпан 2019 жылы  Университетте «Механика және машинажасау» кафедрасында 5В071200 «Машина жасау» мамандығының 2-ші, 3-ші және бітіруші курс студенттерінің қатысуымен Шымкент қаласы машина жасау саласында өнімдер шығаратын KARLSKRONA LC AB» ЖШС кәсіпорыны өкілдерімен кездесті.  Кәсіпорын жағынан компанияның техникалық директоры Наумов О.Г., қызметкерлер бойынша директор қ.а. Дүйсенбекова Д.Б., маркетинг департаменті директоры Сипульдина С.А., Бас директор көмекшісі Алтаев Н., сапа бақылау бөлімінің басшысы Ажаев А.С., жетекші  инженер-технолог Султанов Х.Т., №2 өндіріс цехының басшысы  Шевченко Г.Ю. және  сорғыш жабдықтарын іріктеу бойынша жетекші  инженерАлиева М.О. қатысты.

Кездесу барысында «KARLSKRONA LC AB» ЖШС өкілдері кездесуге қатысушыларға компанияның структурасы, даму болашағы және жас мамандарға арналған бос жұмыс орындары туралы баяндап берді.

Жұмыс берушілер осы өндіріс саласының дамуына өз үлестерін қосатын алғыр да білгір жастардың  қажеттігі жайлы  ерекше айтып өтті.

Кездесу кезінде қатысушы қонақтар студенттер тарапынан берілген жұмысқа орналасу, өндірістік және дипломалды тәжірибелерден өту кезіндегі білімді жетілдіру жолдары, жұмысқа орналасу және т.б.сұрақтарға жауап беріп,болашақ жас мамандардың көкейлерінде жүрген бірқатар мәселелерді талқылады.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.