«Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын жастар арасында насихаттауға арналған дөңгелек үстел

13.12.2018 жылы Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығында ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын жастар арасында насихаттауға арналған дөңгелек үстел болып өтті. ЖОО-ға дейінгі дайындық орталығының аға оқытушысы А.Жанбай Елбасы мақаласының маңыздылығын талқылап, бұл мақаланың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жүйелі жалғасы саналатынын айтып өтті. Тарихшы- оқытушы Ж.Байназарова «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына тарихи көзқарасын білдіріп, жастарды отансүйгіштікке баулып, ұлттық рухты көтеруге үндеді. Іс-шараға қатысқан орталығымыздың белсенді жастары тарихи мұраларды кейінгі ұрпаққа насихаттап, оны көзіміздің қарашығындай сақтап қалдыруға әрбір адам борышты екенін және мақаланың маңыздылығы туралы ойларын ортаға салып, пікір алмасты. Бұл дөңгелек үстелде айтылған мәселелер арқылы мемлекетіміздің құндылықтарын жастар тағы да бір мәрте тереңінен түсінгендей болды.

         Кеш соңы орталық тыңдаушысы Мұхамедхан Исламханның «Қазақстаным»  атты әсем әнімен қорытындыланды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.