«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»

Қазақстанның тәуелсіздігіне 27 жыл толуына орай, желтоқсанның 14-і күні Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығында «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында мерекелік кеш болып өтті.  Мерекелік кеште 27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдерінен аман өткендігі және осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегі дәріптелді.

Тыңдаушылар ұйымдастырған мерекелік кеш өзінің патриоттық ән-күйімен, терме, айтысымен көрерменнің көңілінен шықты. Әсіресе айтыс өнерінің майталмандары Қытайдан келген қандастарымыз Исланбек пен Ерсіннің егемендікті арнайы  тұздық қыла білген айтысы көрерменнің ризалығына бөленіп, үлкен өнерге жолдама алғандай болды.  Кеш өз мәресіне жетті,   ал тыңдаушылар  орындарынан тік тұрып Ескендір Хасанғалиевтің «Туған жер» өлеңін орындауы, шетелден келген қазақ жастарының рухын көтерді.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.