«Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы – Ахмет Байтұрсынұлы»

2018 жылдың желтоқсан айының 13-і күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық орталығында «Алаш  ардақтысы – Ахмет Байтұрсынұлының туылғанына 145 жыл толуына орай «Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы – Ахмет Байтұрсынұлы» атты шығармашылық кеш өтті.

Кешті дайындық орталығының басшысы профессор, т.ғ.д., С.Н.Әлібек ағартушы – Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен ғылым-білімге қосқан еңбектері туралы кеңінен сөз қозғап, іс- шараны ашып берді.

Мерекелік іс-шара барасында 10-география тобының тыңдаушысы Мұхамеджан Сіләмхан ақын, тіл білімінің негізін қалаушы А.Байтұрсыновқа өз арнауын тарту етті. Ал, өнерлі өрендеріміз Камалбек Дамубек пен Мұхамеджан Сіләмхан бүгінгі кешке орай ағартушы ғалым А.Байтұрсынұлы туралы сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы қазақ тілінің қолданысы жайында шағын айтыс өткізіп, көрермен көңілін көтерді.

Кеш соңында ұстаздар Н.Бәйдібек пен А.Сейтметова өз сөздерінде  ақынның өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек екендігін айтып қорытыланды.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.