Әскери кафедра

Мекен-жай: Шымкент қаласы
Рысқұлбеков көшесі 3б.

Тел: 35-44-13 

Факс: 35-40-63

e-mail:Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Әскери кафедраға оқуға қабылдау тәртібі
Конкурсқа қатысуға конкурс өтетін жылы 24 жастан үлкен емес жастағы студенттер жіберіледі.

Конкурсқа қатысуға конкурс өтетін жылы 24 жастан үлкен емес  жастағы студенттер жіберіледі.

Әскери дайындық ЖЖОКБҰ - да оқу аяқталғанға дейін бір жыл қалғанда оқу-жаттығу жиынымен (кәсіби практикамен) аяқталады.

Әскери кафедрада оқуға студенттерді іріктеу үшін конкурс төрт кезеңде жүзеге асырылады:

★ бірінші кезең - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы  № 716  бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларына және әскери-дәрігерлік сараптама комиссиялары туралы ережеге сәйкес  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық  актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде  №21869 болып тіркелген) медициналық куәландырудан өту;

★ екінші кезең - кәсіби-психологиялық тестілеу жүргізу;

★ үшінші кезең - дене шынықтыру дайындығын тексеру;

★ төртінші кезең – ЖЖОКБҰ- ның басшысы жасайтын және бекітетін рейтингілік балл есебіне сәйкес жүзеге асырылатын конкурстық іріктеу. Конкурстың әрбір кезеңінен бір рет  өтуге жол беріледі.

    Құжаттарды  қабылдау және конкурстың I кезеңін өткізуді ұйымдастыру әскери кафедраға жүктеледі.
    II, III және IV кезеңін студенттерді әскери кафедраға қабылдау  ҚР ҚМ іріктеу комиссиясымен жүргізіледі.
    Іріктеу комиссиясының құрамы  мен жұмыс мерзімі Қорғаныс министірінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы бастығының бұйрығымен айқындалады.

Жоғарғы оқу орнын бітірген соң Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің бұйрығымен запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша әскери дайындықтан өткен бітіруші түлектерге запастағы «ЛЕЙТЕНАНТ» әскери атағы, запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша әскери дайындықтан өткен бітіруші түлектерге запастағы «КІШІ СЕРЖАНТ» әскери атағы беріледі.
Әскери кафедра
Тарихи мәлімет
Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша
Жаңалықтар

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.