Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасының оқытушысы Сабырханова Ләззат Шалхарбайқызы ИП-22-6р тобымен бірге Бейнелеу өнері мұражайында тарихи туындылармен танысу мақсатында танымдық көрме-сабақ өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың рухани-мәдени танымын кеңейту, ұлттық және әлемдік өнер туындылары арқылы тарихи құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ эстетикалық талғамын қалыптастыру болды. Көрме барысында студенттер бейнелеу өнерінің түрлі бағыттары мен кезеңдері туралы мәлімет алып, қылқалам шеберлерінің тарихи оқиғаларды суреттеу ерекшеліктерімен танысты.
