«Қалдықтарды азайту — таза қала және үнемді пайдалану»
- Факультет: it
- Кафедра: tele
Қазіргі таңда қоршаған ортаны өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың зиянды
әсерінен қорғау, сондай-ақ қоғамда жауапты тұтыну мәдениетін қалыптастыру
өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осыған байланысты
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы
Тастанбекова Баян Омирзаховнаның ұйымдастыруымен, СТ-25-3р2 тобының білім
алушылары мен кафедра оқытушыларының қатысуымен «Қалдықтарды азайту — таза қала және үнемді пайдалану» тақырыбында
кураторлық сағат өткізілді.Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар арасында
қалдықсыз өмір салты (Zero Waste) қағидаттарын насихаттау, қоршаған ортаға
жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және күнделікті тұрмыста қалдық
көлемін азайтудың тиімді тәсілдері туралы ақпарат беру болды.Кураторлық сағат
барысында пластик қалдықтардың табиғи ортада 400–500 жылға дейін ыдырамай
сақталатыны және олардың микропластик түрінде адам ағзасына тигізетін кері
әсерлері жан-жақты талқыланды. Білім алушылар аталған экологиялық мәселені
шешудің тиімді тетігі ретінде халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылатын 3R
(Reduce, Reuse, Recycle) қағидатын ұсынды.
Ссылки
- https://auezov.edu.kz/it/eng/home-en-gb/2720-%E2%80%9Cwaste-reduction-a-clean-city-and-responsible-consumption%E2%80%9D
- https://www.instagram.com/reel/DZHi9jGAAQs/?igsh=Y2VyczZzMXhhM3N2
Социальные сети
- https://auezov.edu.kz/it/eng/home-en-gb/2720-%E2%80%9Cwaste-reduction-a-clean-city-and-responsible-consumption%E2%80%9D
- https://www.instagram.com/reel/DZHi9jGAAQs/?igsh=Y2VyczZzMXhhM3N2


