Құдретуллаева Рысгүл Орынбасарқызы

Image

Құдретуллаева Рысгүл Орынбасарқызы

Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор

Түркістан облысының Кентау қаласында дүниеге келген.

2001 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Бастауыш мектеп педагогикасы және оқыту әдістемесі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2022 жылы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша магистр дәрежесін алды.

1998–2004 жылдары Тараз қаласындағы «Үміт» бөбектер үйі мен «Ұлан» балалар үйінде тәрбиеші болып қызмет атқарды.

2005–2007 жылдары М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы Ақмола филиалында лаборант, аға лаборант, оқу бөлімінің жетекші маманы-кеңсе тіркеушісі, Ақмола колледжінің оқу бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2007–2009 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық аккредиттеу орталығының жетекші сарапшысы болды.

2009–2020 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді кадрларды даярлауды ұйымдастыру басқармасының сарапшысы, білім беру бағдарламалары басқармасының сарапшысы, білім беру стандарттары мен бағдарламалары басқармасының бас сарапшысы, білім беру мазмұны және кадрларды даярлау басқармасының бас сарапшысы, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаментінің білімнің мазмұны және әдістемесі басқармасының бас сарапшысы, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің әдістемесі және мазмұны басқармасының бас сарапшысы, жоғары білім мазмұны және интернационалдандыру басқармасының бас сарапшысы қызметтерін атқарды.

2020–2022 жылдары «Ғажайып балалық шақ» ЖШС-де еңбек еткен.

2023–2026 жылдары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұны басқармасында бас сарапшының міндетін атқарушы, бас сарапшы, басқарма басшысы қызметтерін атқарды.

14.01.2026-27.07.2026 жылдар аралығында – М.Дулати атындағы Тараз университетінде Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор қызметін атқарды.

2026 жылдың тамыз айынан бастап М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры қызметіне тағайындалды.

Марапаттары:

«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен (2015), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен (2016), «Астана 20 жыл» мерейтойлық медалімен (2018), сондай-ақ «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен (2024) марапатталған.


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.