Білім беру бағдарламасының іске асырылу сапасына қанағаттану деңгейін бағалау (2025-2026 оқу жылына)



2025-2026 оқу жылына "Білім алушылардың білім беру бағдарламасын іске асыру сапасына қанағаттану деңгейін бағалау" атты сауалнамасына есеп
Сауалнама білім беру процесінің сапасын арттыру, білім алушылардан тиісті білім беру бағдарламалары бойынша кері байланыс алу және білім беру процесінің сапасын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша олардың пікірлерін талдау үшін жүргізілді.
Сауалнама 24 бағалау және категориялық сұрақтардан, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын жақсарту бойынша ұсыныстары бар ашық сұрақтан тұрды.
Ұсынылған ББ қанағаттану критерийлерінің әрқайсысын бағалау шкаласы бес баллды құрады, мұнда "1" балл ең төмен қанағаттануды, ал "5" балл ең жоғары екені көрсетілді . 17 және 19-сұрақтар бойынша жауаптардың категориялық логикасы пайдаланылды: «Иә», «Ішінара», «Жоқ».
Сұрақтар 5 бөлім бойынша жүйеленді: «Бағдарлама құрылымына қанағаттану», «Бағдарламаның оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуіне қанағаттану», «Бағдарламаны іске асыру шарттарына қанағаттану», «Бағдарламаның материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне қанағаттану» және «Бағдарлама бойынша білім беру қызметтерін ұсыну сапасына жалпы қанағаттану».
Сауалнамаға 9824 білім алушының ішінен 7259 студент қатысып, бұл деректер массивіне енгізілген жалпы контингенттің 73,9%-ын құрады. Сауалнамаға қатысқандардың ішінде 3255 ер адам (44,8%), 4004 әйел адам (55,2%) болды.
Паспорттық блок мәліметтеріне сәйкес, бакалавриат бағдарламалары бойынша деректер массивінде 9018 студент қамтылып, олардың 6805-і сауалнамаға қатысты. Магистратура және докторантура бойынша жеке массивте 663 магистрант пен 143 докторант көрсетіліп, аталған деңгейлер бойынша сауалнамаға барлығы 454 білім алушы қатысты.
Сауалнаманы толтыру студенттің жеке кабинеті арқылы http://portal.ukgu.kz/kz сайтында жүзеге асырылды.
