Карбозова Гүлнара Күмісбеккызы

Карбозова Гүлнара Күмісбеккызы – Басқарма мүшесі, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор

 

Отбасылық жағдайы: тұрмыста.

Тілді білуі: қазақ, орыс, ағылшын, неміс.

Ғылыми дәрежесі: Филология ғылымдарының кандидаты

10.02.20 - салыстырмалы-тарихи, типологиялық және салғастырмалы тіл білімі мамандығы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті (Алматы, 2004 жыл).

Гүлнара Карбозова 1968 жылы 24 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келген. 1990 жылы Алматы шетел тілдер педагогикалық институтының «Орта мектептің  неміс және ағылшын тілі мұғалімі » мамандығын тәмамдаған.

Еңбек жолын 1990 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының орта мектептерінде неміс және ағылшын тілдері мұғалімі болып бастаған.

1998-2002 жылдар аралығында ҚазМЗУ ШФ «Жалпы филология» кафедрасының аға оқытушысы;

2002-2004 жылдар аралығында КАЗГЗУ-дың Оңтүстік Қазақстан заң, қаржы және қаржылық құқық институты, Шымкент қаласы студенттермен жұмыс жөніндегі бөлімнің басшысы, «Тілдік пәндер» кафедрасының аға оқытушысы (2004-2005 ж.ж.);

2005-2012-жылдар аралығында М.Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті  «Техникалық мамандықтар бойынша шет тілі» кафедрасының меңгерушісі;

2012-2021-жылдар аралығында  М.Әуезов атындағы  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде  «Ағылшын тіл білімі» кафедрасының меңгерушісі;

2021-2025–жылдар  аралығында  М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Заманауи тілдер және аударматану» кафедрасының меңгерушісі;

2025 жылдың 5 қаңтарынан бастап М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Басқарма мүшесі, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры болып тағайындалды.

 

Тағылымдамалар мен конференциялар:

 «Болашақ» халықаралық бағдарламасы, Кембридж университеті, Ұлыбритания,  2010 жыл;

ERASMUS+ KA107, Кадис университетінің шақырылған профессоры, (Кадис қаласы, Испания , 2016 жыл);

Гете институтының халықаралық семинары, Мюнхен қаласы, ГФР, 2016 жыл;

USBIK халықаралық конгресі, Эрджиес университеті, Невшехир қаласы, Түркия, 2019 жыл;

Азия тілдері мен әдебиеті (ADES-V): мәдениеттер тоғысы /халықаралық симпозиумы,  Астана қаласы, 2019 жыл;

Британдық Кеңестің OTC бағдарламасы фасилитаторы (2021, 2022,2023 -жылдар);

CIES халықаралық конференциясы, Миннеаполис, АҚШ , 2022 жыл,

(Миннесота университеті ғалымдарымен халықаралық жоба аясында);

Development of Education as a Driving Force for Sustainable Society” Білім бағдарламасы, Глазго университеті, Шотландия, 2022 жыл;

Неміс тілі оқытушыларының XVII халықаралық конференциясы (IDT), Вена қаласы, Австрия, 2022 жыл;

ASHE халықаралық конференциясы , Миннеаполис, АҚШ, 2023 жыл,

(Миннесота университеті ғалымдарымен халықаралық жоба аясында);

Visiting Professor, Мукуми атындағы Қоқан мемлекеттік педагогикалық институты, Өзбекстан Республикасы, 2023 жыл;

Іле педагогикалық университетінің шақырылған профессорф, (Инин қаласы,  Қытай Халық Республикасы, 2025 жыл).

Мемлекеттік марапаттары:

Облыстық кәсіподақ комитетінің Құрмет грамотасы (2016 ж.);

Шымкент қаласы әкімінің Құрмет грамотасы (2018 ж.);

 «М.Әуезов атындағы ОҚМУ-не 75 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған (2018 ж.);

Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмүнын сараптау орталығының Құрмет грамотасы ( 2021 ж.);

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы (2021 ж.);

«М.Әуезов атындағы ОҚУ-ға 80 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған (2023 ж.);

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінен «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен марапатталған (№206 куәлік, 22.08.2025 ж.);

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ісінің үздігі Құрмет дипломымен марапатталған.

 


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@auezov.edu.kz

Please publish modules in offcanvas position.

AI Icon AI Ассистент — Задайте вопрос