АККРЕДИТТЕУ БӨЛІМІ
Бөлім бастығы
Жоғары білікті мамандар:
Бөлімнің міндеті:
- аккредиттеу органдары мақұлдаған реестрге енгізілген агенттіктерде білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз етуге бағытталған білім беру бағдарламаларымен университетті аккредиттеу және аккредиттеуден кейінгі мониторинг үрдісін ұйымдастыру.
Бөлімнің функциялары:
- факультеттерді (жоғары мектептерді) және құрылым бөлімдерін білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз етуге бағытталған институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу мәселелері бойынша ақпараттық және әдістемелік құжаттарымен қамтамасыз ету;
- университеттің ОПҚ, қызметкерлері және білім алушылары үшін аккредиттеу және қайта аккредиттеу мәселелері бойынша семинарларды үйлестіру және жүргізу;
- университет және білім беру бағдарламалары бойынша ақпараттарды жинау, өңдеу және талдау;
- факультеттер (жоғары мектептер), кафедралар және жұмысшы топтары ұсынған аккредиттелетін/қайта аккредиттелетін бағдарлама және жалпы университет бойынша өзін-өзі бағалау құжаттарына талдау жасау;
- институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу рәсімдері шеңберінде студенттермен жұмысты ұйымдастыру (ақпарат беру, сауалнамаларды өткізу, сыртқы сарапшылармен сұхбатқа дайындау);
- институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу/қайта аккредиттеу бойынша сыртқы аудитті ұйымдастыру;
- университет және білім беру бағдарламаларының аккредиттеуден кейінгі мониторингін үйлестіру;
- бөлім қызметі бойынша нормативті құжаттарының орындалуын қадағалау.
Аккредиттеу: негізгі қатысушылар
«Оқытушылар»
Оқытушылар білім сапасын ішкі қамтамасыз ету жүйесінің негізгі қатысушылары болып табылады. Олардың кәсіби қызметі, білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысуы, сондай-ақ өзін-өзі бағалау үдерістеріне қосқан үлесі институционалдық және бағдарламалық аккредиттеу нәтижелеріне тікелей әсер етеді.
«Жұмыс берушілер»
Жұмыс берушілер білім сапасын ішкі қамтамасыз ету жүйесінің негізгі сыртқы стейкхолдерлері болып табылады. Олардың қатысуы білім беру бағдарламаларының еңбек нарығының талаптарына және кәсіби стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.
«Студенттер»
Студенттер білім сапасын ішкі қамтамасыз ету жүйесінің негізгі қатысушылары болып табылады. Студенттердің пікірлері білім беру бағдарламаларын, оқу жағдайларын, оқыту әдістерін және академиялық қолдауды бағалау кезінде ескеріледі. Студенттердің қатысуы жоғары білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Еуропалық стандарттар мен ұсынымдарға (ESG) сәйкес жүзеге асырылады.
«Түлектер»
Түлектер білім беру сапасын ішкі қамтамасыз ету жүйесінің маңызды сыртқы стейкхолдерлері болып табылады. Олардың кәсіби тәжірибесі мен кері байланысы білім беру бағдарламаларының практикалық қолданылуын және түлектерді даярлау деңгейінің еңбек нарығы талаптарына сәйкестігін бағалауға мүмкіндік береді.


