М. Әуезов атындағы ОҚУ-нің Ғылыми жобалар және бағдарламалар департаменті AP15473295 «Жеміс консервілері өндірісінің қалдықтары негізінде белсендірілген сорбент алу технологиясын жасау» жобасы 2022-2024 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсына қатысып, грант ұтып алғандығын хабарлайды.
Грант иегері PhD докторант Есенбек Асылбек Сағынтайұлы.
Басымдығы «Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология».
Жобаныңмақсатыбелсендірілгенсорбенттіалудыңжаңатехнологиясынжасаужәнеенгізу, сондай-ақжоғарыадсорбциялыққабілеті бар белсендірілген сорбентті алудың термиялық белсендіру процесін әзірлеу болып табылады.
Белгіленгенқасиеттері, дамығанкеуектіқұрылымыжәнеағындысулардытазартуүшінүлкенадсорбциялыққабілеті бар активтендірілген сорбентті алутехнологиясының жаңалығы мен маңыздылығы, еңалдымен, жоғары өнімді жобаларды құру және дамыту арқылы анықталады.
Есенбек Асылбек Сағынтайұлын құттықтаймыз!