Әуезов университеті жаңа логотип әзірлеуге конкурс жариялайды

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университеті жаңа логотип әзірлеуге арналған ашық республикалық конкурс жариялайды.
Конкурстың мақсаты – университеттің құндылықтарын, даму бағыты мен заманауи келбетін айшықтайтын жаңа визуалды шешімді анықтау. Жаңа логотип университеттің визуалды бренді мен корпоративтік айдентикасының негізгі элементіне айналуы тиіс.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Конкурстық жұмыстар электрондық форматта ұсынылады.
Конкурс төрт кезеңнен тұрады:
І кезең – конкурсты жариялау және жұмыстарды қабылдау:
30 қазан – 23 қараша 2026 жыл.
ІІ кезең – жұмыстарды техникалық талаптарға сәйкестігі бойынша іріктеу:
23–26 қараша 2026 жыл.
ІІІ кезең – қазылар алқасының үздік жобаларды анықтауы:
27 қараша 2026 жыл.
ІV кезең – жеңімпазды жариялау және марапаттау:
25 желтоқсан 2026 жыл.
Конкурс қорытындысы бойынша университеттің жаңа логотипінің үздік жобасының авторы 500 000 теңге көлеміндегі сыйақымен марапатталады.
Барлық қатысушыға арнайы сертификаттар табысталады.
Жұмыстарды қабылдаудың соңғы күні: 23 қараша 2026 жыл.
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Байланыс телефоны: +7 701 626 70 00
Жауапты тұлға: Бейсенбаев Садыбек Қалмаханұлы
Конкурс ережелері, техникалық талаптар, бағалау критерийлері және өзге де толық ақпарат университет сайтында жарияланған.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.