Жаңалықтар
«Менің таңдауым – Әуезов!» бейнероликтер байқауы жарияланды
- Қаралды: 16
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде студенттер арасында «Менің таңдауым – Әуезов!» атты бейнероликтер байқауы жарияланды.
Байқаудың мақсаты – студенттердің шығармашылық көзқарасы арқылы Әуезов университетінің білім беру мүмкіндіктерін, студенттік ортасын, құндылықтары мен артықшылықтарын заманауи бейнеформатта көрсету, университеттің тартымды имиджін қалыптастыру.
Конкурсқа университеттің барлық білім беру бағдарламалары бойынша білім алатын студенттер қатыса алады. Бейнероликті жеке автор немесе бірнеше адамнан құралған шығармашылық топ ұсына алады.
Конкурс төрт кезеңнен тұрады:
І кезең – жұмыстарды қабылдау:
1–20 желтоқсан 2026 жыл.
ІІ кезең – техникалық іріктеу:
21 желтоқсан 2026 жыл.
ІІІ кезең – қазылар алқасының бағалауы:
24 желтоқсан 2026 жыл.
ІV кезең – жеңімпаздарды жариялау және марапаттау:
25 желтоқсан 2026 жыл.
Жүлде қоры:
І орын – 1 000 000 теңге
ІІ орын – 700 000 теңге
ІІІ орын – 500 000 теңге
Сондай-ақ конкурс аясында қосымша номинациялар белгіленуі мүмкін. Жеңімпаздар дипломдармен және ұйымдастырушылар белгілеген арнайы сыйлықтармен марапатталады.
Бейнероликтерді Telegram арқылы қабылдау: 8 771 389 30 25
Байланыс телефоны: +7 701 626 70 00
Конкурс ережелері, бейнероликке қойылатын талаптар, бағалау критерийлері және өзге де толық ақпарат auezov.edu.kz университет сайтында жарияланған.
«Менің таңдауым – Әуезов!» – студенттің өз университеті туралы өз сөзі, өз көзқарасы және өз таңдауы!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз