«Тайқазан» – ел бірлігі мен татулықтың символы

 Өзбекстанның Шыршық қаласында Қазақстанның Республика күніне орай «Тайқазан» мәдени-ағартушылық іс-шарасы өтті.
 
Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігі ұйымдастырған бұл жиынға дипломатиялық корпус өкілдері, Auezov University басшылығы мен Шыршық филиалының ұжымы, сондай-ақ қазақ диаспорасы мен зиялы қауым қатысты.
 
Бағдарлама аясында қазақтың «Беташар», «Сырға салу», «Бесікке салу» және «Тұсаукесер» сияқты ұлттық салт-дәстүрлері таныстырылып, жиналған қауымға қазақ мәдениетінің терең отбасылық құндылықтары паш етілді. Іс-шараның «Тайқазан» деп аталуы екі ел арасындағы бірлік, береке мен тату тірліктің символына айналды.
 
Салтанатты жиында Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ералы Тоғжанов пен университет ректоры Мұхтар Төлеген екіжақты кездесу өткізіп, алдағы уақытта бірлесіп атқаратын жобаларды талқылады. Тараптар білім, ғылым және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін сөз етті. Сондай-ақ қос мемлекет арасындағы академиялық серіктестіктің маңызды көпірі саналатын Auezov University-дің Шыршық филиалын одан әрі дамыту ісіне ерекше назар аударылды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.