Екі ел достығының жемісі: Елші Ералы Тоғжанов Шыршықтағы филиал жұмысын оң бағалады

Екіжақты стратегиялық және гуманитарлық интеграцияның нақты көрсеткіштері Ташкент іргесіндегі өндірісті шаһарда көрініс тауып отыр. Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Ералы Тоғжанов Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Шыршықтағы филиалының жұмыс барысымен келді. Мәртебелі мейманды Басқарма төрағасы-ректор Мұхтар Төлеген бастаған ұжым қарсы алып, оқу орнының заманауи кампусымен таныстырды.
 
Студенттермен өткен жүздесуде ректор Мұхтар Төлеген Елші Ералы Тоғжановтың кезінде өзіне дәріс берген ұстазы екенін мақтанышпен атап өтті. Өз кезегінде Елші білім ордасының жұмысына жоғары баға беріп: «Терең ізденсеңдер, сендер де болашақта ректор боласыңдар. Нарықта білімсіз жеңіс жоқ. Бұл халықаралық жоба – екі ел достығының, Мемлекет басшыларымыздың сарабдал саясатының тікелей жемісі», - деп жастарды жігерлендірді.
 
Бүгінде бұл филиалда 800-ден астам студент 19 мамандық бойынша дәріс алуда. Негізгі басымдық техникалық және инженерлік салаларға берілген. Оқу орнында дуалды оқыту жүйесі жолға қойылған: жастар ірі химия-индустриялық технопарк кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өтіп, ай сайын тұрақты жалақы алады.
 
Мемлекетаралық «Жол картасы» аясында ашылған бұл білім ордасы – қос ел арасындағы адами капиталды дамытудың жаңа сапалы моделі.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.