«TARAZ CREATIVE INDUSTRIES 2026» халықаралық форумы мәресіне жетті

Тараз қаласында мәдениет, ғылым және инновацияны біріктірген «TARAZ CREATIVE INDUSTRIES 2026» халықаралық форумы өтті. Dulaty University базасында ұйымдастырылған бес күндік ауқымды іс-шараға Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің делегациясы қатысып, креативті индустрия мен цифрлық экономиканы дамытудың жаңа бағыттарын талқылады.
 
Форум аймақтың интеллектуалды әлеуетін арттыруға және халықаралық шығармашылық байланыстарды нығайтуға бағытталған бірегей алаңға айналды.
 
Алқалы жиынның салтанатты ашылуында «ART EXHIBITION» көрмесінің тұсауы кесіліп, пленарлық сессияларда сала майталмандары мен жетекші ғалымдардың өңірлік дамуға қатысты маңызды баяндамалары тыңдалды. IT & STARTUP күндерінде «Идеядан өнімге дейін: Креативті индустриялар цифрлық экономика мен Smart City дамуының драйвері ретінде» тақырыбында панельдік пікірталастар ұйымдастырылды. Сарапшылар жасанды интеллект, робототехника және заманауи технологиялардың қала құрылымы мен цифрлық экожүйені дамытудағы рөлін кеңінен талқылап, отандық стартаптарды қолдау тетіктерін пысықтады.
 
Auezov University делегациясы форум жұмысына белсенді араласып, өңірдегі креативті экономиканы дамытуға бағытталған өздерінің жаңашыл ғылыми идеялары мен инновациялық жобаларын таныстырды және халықаралық әріптестікті нығайтуға өз үлесін қосты.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.