Жаңалықтар
Халық кеңесі өкілдерімен кездесу өтті
- Қаралды: 30
Халық пен билік арасындағы ашық диалог, азаматтардың өтініштерін шешу жолдары және цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері. Осы және өзге де тақырыптар Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде өткен кездесуде сөз болды. Студенттер Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері журналист-публицист Нұртөре Жүсіп пен журналист, қоғам қайраткері Әбдез Рахманұлымен жүздесті.
Әбдез Рахманұлы Халық Кеңесінің тұрғындар мен билік арасындағы байланысты нығайтудағы рөліне тоқталып, азаматтарды өз ұсыныстары мен өзекті мәселелерін ашық айтуға шақырды. Сөзінше, Кеңес халықтың өтініштерін тиісті органдарға жеткізіп, шешімін табуына ықпал етеді.
«Халық кеңесі – халық пен билік арасындағы алтын көпір. Ел ішіндегі кез келген өзекті мәселе, ұсыныс немесе пікір болса, бізге ашық айтуларыңызға болады. Біз өз тарапымыздан әрбір өтініштің шешімін табуға және тиісті жоғары органдарға жеткізуге бар күшімізді саламыз», - деді Әбдез Рахманұлы.
Ал Нұртөре Жүсіп жастардың цифрлық мүмкіндіктерді игеріп, білімін үнемі жетілдіруіне назар аударды. Ол жасанды интеллект құралдарын сауатты пайдаланумен қатар, тіл үйрену мен терең білім жинаудың маңызын атап өтті.
«Қазіргі уақыт үлкен мүмкіндіктер мен цифрлық даму дәуірі. Бүгінгі жастар заманауи технологияларды, оның ішінде OpenAI сияқты жасанды интеллект құралдарын дұрыс бағытта тиімді пайдалануы тиіс. Тіл үйреніп, терең білім жинау арқылы ғана елімізді жаңа деңгейге көтере аламыз», - деді журналист.
Кездесу соңында студенттер қонақтарға сұрақтарын қойып, азаматтық бастамаларды қолдау, құқықтық мәдениет және жасанды интеллектіні білім алуда пайдалану жөнінде пікір алмасты.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз