Республика күні – елдік пен еркіндіктің айшықты мерекесі

Республика күні – азаттығымызды айшықтап, елдігімізді ұлықтайтын мереке. Әуезов университетінде осы айтулы датаға арналған салтанатты жиын өтті.
 
«Азат елдің айбыны – Республика» атты іс-шара Мемлекеттік Туды енгізу рәсімімен және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. Жиынға ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова арнайы қатысты.
 
Университеттің Басқарма төрағасы – ректоры Мұхтар Төлеген ұжымды мерекемен құттықтап, оқу орнының әлеуеті мен алдағы даму бағыттарына тоқталды. Ол білім, ғылым және инновацияны жаңа деңгейге көтеріп, Ұлттық университет мәртебесіне қол жеткізу үшін бірлесе еңбек етуге шақырды. Сондай-ақ Гүлзат Ізбасарқызына арнайы келгені үшін алғыс білдірді. Вице-министр Гүлзат Көбенова да ұжымды құттықтап, Әуезов университетінің еліміздің жоғары білім және ғылым жүйесіндегі орнына тоқталды. Жаңа басшылыққа жауапты қызметте табыс тіледі.
 
Мерекелік жиында жоғары білім мен ғылымның дамуына үлес қосқан университет қызметкерлері ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталды.
 
Бағдарлама «Мәдениет және өнер» факультеті өнерпаздарының концерттік қойылымдарымен жалғасты. Ұлттық билер, күмбірлеген күйлер, патриоттық әндер мен хор орындауы мерекеге ерекше сән берді.
 
Республика күні құтты болсын! Тәуелсіз Қазақстанымыздың тұғыры берік, мерейі үстем болсын!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.