Жаңалықтар
Вице-министр Әуезов университетінің ғылыми әлеуетімен танысты
- Қаралды: 17
Мерекелік шарадан кейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Ізбасарқызы Көбенова Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетін аралап, оқу үдерісімен, ғылыми-зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуымен және халықаралық ынтымақтастық бағыттарымен танысты.
Алдымен вице-министр «Компьютерлік инженерия және энергетика» жоғары мектебінің электр энергетикасы саласы бойынша мамандар даярлау мүмкіндіктеріне назар аударды. Оқу-зертханалық базаның әлеуеті, Erasmus+ және KazDual халықаралық жобалары аясында алынған жабдықтардың тәжірибелік сабақтардағы қолданысы көрсетілді.
Білім алушылармен жүздесу барысында жоғары білімнің сапасы, ғылыми ізденістің маңызы және техникалық мамандықтардың ел экономикасындағы орны талқыланды. Гүлзат Көбенова жастарға бакалавриаттан кейін де өз университетінде білімін жалғастырып, магистратура мен докторантурада оқуға, ғылыми жұмыспен қатар кәсіби қызмет атқаруға болатынын айтты. Бұл ретте мамандықты терең меңгеріп, біліктілікті үздіксіз арттырудың маңызын атап өтті.
Вице-министр Arizona State University-мен бірлескен білім беру бағдарламасы аясында шетелдік мамандар жүргізген дәрістерге де қатысты. Халықаралық әріптестермен пікір алмасу, білім беру мазмұнын жетілдіру, озық академиялық тәжірибені енгізу және студенттердің кәсіби көкжиегін кеңейту мәселелерін қамтыды.
Сапар соңында Гүлзат Көбенова университеттің материалдық-техникалық мүмкіндіктері мен білім беру бағытындағы жұмыстарына оң бағасын берді. Білікті инженерлер даярлау, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту және халықаралық академиялық серіктестікті дамыту – университет жұмысының маңызды бағыттары. Бұл міндеттерді жүйелі жүзеге асыру өңірдің кадрлық әлеуетін арттыруға және елдің технологиялық дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз