Cтуденттер Campus France Kazakhstan бюросының үйлестірушісімен кездесті

2026 жылғы 22 қазанда Халықаралық ынтымақтастық департаментінің ұйымдастыруымен студенттердің Campus France Kazakhstan бюросының үйлестірушісі Мерей Данаевамен кездесуі өтті.
Кездесу барысында студенттер Францияда жоғары білім алу мүмкіндіктері, француз университеттеріне түсу ерекшеліктері, бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары, сондай-ақ қолжетімді стипендиялар мен гранттар туралы ақпарат алды.
Француз тілін меңгеруге қойылатын талаптарға, құжаттарды тапсыру кезеңдеріне және академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Францияда оқуға түсу және білім алу бойынша практикалық ұсынымдар алды.
Іс-шара студенттердің халықаралық білім туралы түсініктерін кеңейтіп, француз тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.