Жаңалықтар
Университет ғалымдары полиметалл шикізатын кешенді қайта өңдеу технологияларын сынақтан өткізді
- Қаралды: 24
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің ғалымдары полиметалл құрамды табиғи және техногендік шикізатты кешенді қайта өңдеу бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізді. Зерттеу жұмыстары Қазақстан Республикасы Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығының мамандарымен бірлесіп, Қарағанды қаласындағы Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының тәжірибелік-өнеркәсіптік қондырғысында орындалды.
Зерттеу жұмыстарына университеттің «Силикаттар технологиялары және металлургия» кафедрасының техника ғылымдарының докторы, профессоры В. М. Шевко, докторанттар И. Синельников пен А. Бадыкова, сондай-ақ «Перспективалы металлургиялық технологиялар» ғылыми-зерттеу зертханасының мамандары қатысты.
Шалқия кен орнының бастапқы сульфидті қорғасын-мырыш кенін кен-термиялық пеште электрлік балқыту нәтижесінде әртүрлі маркалы ферросилиций және құрамында мырыш пен қорғасын бар ұжымдық концентрат алынды.
Бұл жұмыстар Қазақстан Республикасы Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығымен жасалған шаруашылық келісімшарт аясында 2023–2025 жылдары жүргізілген зерттеулердің жалғасы болып табылады. Сынақ нәтижелері Шалқия кен орнының бастапқы сульфидті кенін алдын ала байытусыз кешенді пайдалану деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар ғылыми-зерттеу зертханасының қызметкерлері Баласаускандық кен орнының ванадийқұрамды кварциттерін күкірт қышқылымен автоклавтық шаймалау нәтижесінде алынған кекті Шұбаркөл кен орны көмірін байыту қалдықтарымен бірге электрлік балқыту бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар өткізді. Нәтижесінде FeSi45 маркалы ферросилиций алынды.
Зерттеу нәтижелері металлургия өнеркәсібінің шикізат базасын кеңейтуге, сондай-ақ Шалқия кен орнының кенінен және Баласаускандық кен орнының кварциттерінен тауарлық өнім өндірудің экономикалық тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз