Мұхтар Төлегеннің ОҚЗУ ректоры қызметіндегі 100 күні: нәтиже мен жоспар

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Мұхтар Төлегеннің қызметке тағайындалғанына 100 күн толды. Бұл – алғашқы нәтижелерді қорытындылап, жаңа мақсаттарды айқындайтын кезең.
 
Осы уақыт ішінде білім сапасын арттыру, халықаралық байланыстарды нығайту және студенттердің ғылыми бастамаларын қолдау бағытында маңызды қадамдар жасалды. Университет білім мен технологиялық дербестіктің берік іргетасын қалауда.
 
Мемлекет басшысы мен Ғылым министрінің тапсырмаларына сай, ОҚЗУ таланттарды тартатын және отандық ғылымды дамытатын заманауи зерттеу экожүйесіне айналуды көздейді. Бұл жүз күн – үлкен белестердің басы ғана!


Президент бастамасы және жаңа деңгей. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Қазақстан–Бельгия ректорлар форумы жоғары білім мен ғылымдағы халықаралық әріптестікке тың серпін берді. ОҚЗУ бұл бағытта жаһандық ынтымақтастықты нығайтып келеді.
 
АКШ және Еуропамен байланыс. Arizona State University-мен бірлескен қос дипломды бағдарламаға 43 студент грантпен қабылданды. Сондай-ақ Мажарстанның Дебрецен университетімен ұзақ мерзімді академиялық және ғылыми келісімге қол қойылды.
 
Халықаралық география. Университетімізге 885 шетелдік студент пен Foundation курсына 104 тыңдаушы оқуға түсті. Тәжірибе алмасу үшін әлемнің ТОП-500 университеттерінен 12 жетекші ғалым дәріс оқуға тартылды.
 
Миллиондық жобалар мен гранттар. Қытайдың Donghua университетімен құны $2 млн болатын тоқыма зертханасын құру келісімі жасалды. Бұған қоса, Жапонияның Eurasia Foundation қорының грантын жеңіп алып, жаңа оқу курсын бастадық.
 
Ғылымды қаржыландыру. ОҚЗУ үшін ғылымды дамыту – стратегиялық басымдық. Университетте ғылыми жобаларды қаржыландыру көлемі айтарлықтай артып, 3.2 миллиард теңгеге ұлғайтылды! Жұмыстар әлі де жалғасады.



Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.