«SHABYT – 2026»: Auezov University студенттері бас жүлдені иеленді

 Тараз қаласында өткен «Shabyt – 2026» республикалық шығармашылық фестивалінде Мұхтар Әуезов атындағы ОҚЗУ студенттерінен құралған «Қарагөз» би ансамблі «Ұлттық би» бағыты бойынша БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп алды!
 
 Еліміздің 10-нан астам жоғары оқу орны қатысқан дүбірлі өнер додасында жас өнерпаздарымыз жоғары орындаушылық шеберліктері мен кәсіби дайындықтарын көрсетіп, ұлттық би өнерінің көркемдігін сахна төрінде паш етті.
 
Ансамбль жетекшісі Дидар Азизханова мен репетитор Назерке Аманкелдіқызың еңбегімен келген бұл жетістік – ұлттық мәдени мұрамызды дәріптеудің жарқын көрінісі.
 
Университет ұжымы мен студенттер қауымы «Қарагөз» би ансамблін салтанатты жеңісімен құттықтайды, өнерлеріңіз өрлей берсін!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.