Жаңалықтар
Мәулен Әшімбаев: реформалардың өзегінде адам мен оның мүддесі тұр
- Қаралды: 24
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңғырту күн тәртібіне арналған «Реформалар мәні: Қазақстанның болашақ тарихының жеті тарауы» атты кітаптың таныстырылымы өтті.
Елдегі саяси, экономикалық және қоғамдық өзгерістердің мән-маңызын саралайтын еңбектің авторы – мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткер, экономист және саясаттанушы Мәулен Әшімбаев.
Кітаптың таныстырылымына өңірдің ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, сарапшылар, қоғам белсенділері мен жастар қатысты. Кездесу барысында елімізде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалар, олардың қоғам өміріне ықпалы және Қазақстанның алдағы даму бағдары жөнінде мазмұнды пікір алмасу өрбіді.
Жиынды ашқан Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Мұхтар Төлеген кітаптың әр тарауында ел дамуына қатысты маңызды мәселелер көтерілгенін атап өтті. Ол еңбектің бүгінгі өзгерістердің мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін, әрбір азамат оқуға тиіс құнды дүние екенін айтып, кітап авторына университетке арнайы келіп, оқырман қауыммен жүздесіп, еңбегін таныстырғаны үшін алғысын білдірді.
Кездесуде сөз алған Мәулен Әшімбаев кітаптың жазылу мақсаты мен негізгі идеяларына тоқталып, еңбектің мазмұнын айқындайтын басты тезистерді ортаға салды.
Кітапта мемлекеттік басқаруды жаңғырту, саяси және экономикалық өзгерістер, өңірлік даму, ұлттық бірегейлік, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық аренадағы орны мен беделін нығайту мәселелері жан-жақты қарастырылады. Автор Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан реформалардың тарихи маңызына тоқталып, олардың елдің болашақ даму бағытын қалыптастырудағы рөлі туралы пайымын бөлісті.
Мәулен Әшімбаев Президент реформаларының мәні мен мазмұнын ашатын негізгі мәселелерге тоқтала келе, «Әділетті Қазақстан» идеясының өзегінде адам және оның мүддесі тұрғанын атап өтті.
– «Әділетті Қазақстан» идеясының түпкі мәні – «мемлекет мемлекет үшін» деген түсініктен «мемлекет адам үшін» қағидатына түбегейлі бет бұру. Ел дамуының жаңа парадигмасының негізінде адам және оның мүдделері тұр. Бұл ұстаным жаңа Конституцияда нақты көрсетілген», - деді Мәулен Әшімбаев.
Автор Конституцияда бекітілген құндылықтар еліміздің ұзақ мерзімді даму мақсаттарын айқындайтынын айтып, қазіргі реформалардың басты бағдары қоғам мен мемлекеттің өзара байланысын жаңа деңгейге көтеруге бағытталғанына назар аударды.
Кездесуде жаһандық өзгерістер жағдайындағы Қазақстанның даму мүмкіндіктері де сөз болды. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, әлемдегі қарқынды өзгерістер еліміз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Сондықтан Қазақстан жаһандық үдерістерден шет қалмай, жаңа технологиялар мен заманауи даму тетіктерін тиімді пайдалана отырып, олардың белсенді қатысушысына айналуы маңызды.
Таныстырылым барысында кітапта көтерілген мәселелер төңірегінде ғылыми және сараптамалық пікірлер де айтылды. Әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Құлбек Ергөбек, қоғам қайраткері Бауыржан Әлтеев, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлжан Сүгірбаева, саясаттанушы, саяси ғылымдар кандидаты, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының доценті Сәуле Рысбаева еңбектің мазмұнына өз салалары тұрғысынан баға беріп, ондағы өзекті мәселелер жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.
Кездесу соңында Мәулен Әшімбаев іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан Шымкент қаласы әкімдігіне және университет басшылығына, барша қатысушыға алғысын білдірді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз