Жаңалықтар
«ҚАЗАН FEST–2026»: күзгі натюрморттар шеруі
- Қаралды: 303
Әуезов университетінде қаламыздың жас суретшілері бас қосты. Мұнда дәстүрлі «Қазан fest–2026» қалалық күзгі натюрморт байқауы өтті. Шығармашылық байқауға Әуезов университетінің студенттерімен қатар, Шымкент қаласындағы бірқатар жоғары және арнаулы оқу орындарының жастары қатысып, күздің көркем келбетін қылқалам тілімен бейнеледі.
«Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасының ұйымдастыруымен өткен суретшілер жарысы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы мен Республика күніне арналды. Байқаудың мақсаты – жас суретшілердің шығармашылық әлеуетін таныту, бейнелеу өнеріне қызығушылығын арттыру және өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау.
Биылғы байқаудың басты тақырыбы – күзгі натюрморт. Қатысушылар асқабақ, дәнді дақылдар, маусымдық жеміс-жидектер мен көкөністерді шығармаларына арқау етіп, күздің сан алуан бояуын өзіндік қолтаңбасымен жеткізді.
Байқаудың ашылуында университеттің қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры Садібек Бейсенбаев қатысушыларға сәттілік тілеп, мұндай шығармашылық алаңд жас таланттарды қолдаудағы маңызын атап өтті.
«Мәдениет және өнер» факультетінің деканы Медеубек Тәңірбергенов байқаудың тәжірибе алмасу мен кәсіби дамуға берер мүмкіндігіне тоқталды.
Алты жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан «Қазан fest» бүгінде жас суретшілердің басын қосатын дәстүрлі шығармашылық алаңға айналды. Биыл байқауға 120-ға жуық жас суретші қатысып, өз шеберліктерін бірнеше бағыт бойынша сынға салды.
Байқау қорытындысы бойынша Әуезов университетінің студенттері үш бағытта да үздік нәтиже көрсетті. «Аралас техникадағы натюрморт» бағыты бойынша Амина Әуелбек, «Майлы бояумен орындалған натюрморт» бағыты бойынша Аружан Зияпеден, ал «Графикалық натюрморт» бағыты бойынша Аружан Бақбергенқызы І орын иегері атанды.
Жүлделі орындарға ие болған жас суретшілер марапатталып, байқауға қатысқан студенттерге сертификаттар табысталды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз