Қауіпсіз университет – ортақ жауапкершілік

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «Қауіпсіз университет – ортақ жауапкершілік» тақырыбында 1-курс студенттеріне арналған кешенді танымдық семинар өтті.
 
Кездесуде студенттерге өрт және еңбек қауіпсіздігі, төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл, эвакуация тәртібі және түрлі қауіп-қатердің алдын алу жолдары түсіндірілді.
 
Әл-Фараби ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері, азаматтық қорғау майоры Марлен Сейілбек өрт қауіпсіздігі ережелеріне тоқталып, төтенше жағдайда ғимараттан қауіпсіз шығу жолдарын түсіндірді. Сондай-ақ өрт сөндіргішті дұрыс пайдалану тәсілін тәжірибе жүзінде көрсетті.
 
Университеттің Төтенше жағдайлар штабы және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Бахытжан Джунисов оқу зертханаларында, өндірістік практикада және техникалық құрылғылармен жұмыс істеу кезінде сақталуы тиіс еңбек қауіпсіздігі талаптары туралы айтты.
 
Студенттерге қоғамдық орындарда күдік тудыратын бөгде заттарды немесе күмәнді әрекет байқалған жағдайда қауіпсіздік талаптарын сақтап, бұл туралы жауапты мамандар мен тиісті жедел қызметтерге дереу хабарлау қажеттігі де түсіндірілді.
 
Семинардың басты мақсаты – студенттердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, төтенше жағдайда дұрыс әрі жедел әрекет ету дағдыларын арттыру.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@auezov.edu.kz


Please publish modules in offcanvas position.