Жаңалықтар
Студенттердің оқу ақысына жеңілдіктер ұсыну бойынша комиссия отырысы өтті
- Қаралды: 38
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде білім алушыларға оқу ақысына жеңілдіктер беру мәселесі бойынша арнайы комиссия отырысы өтті.
Отырыста университеттің факультеттері мен жоғары мектептерінен келіп түскен 871 студенттің өтініші жан-жақты қаралды. Комиссия мүшелері ұсынылған құжаттарды университетте бекітілген Ереже талаптарына сәйкес зерделеп, алғашқы мақұлдаудан өткізді.
Университетте оқу ақысына жеңілдіктер беру білім алушыларды әлеуметтік қолдауға, олардың білім алуына қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ студенттердің жетістіктері мен белсенділігін ынталандыруға бағытталған.
Ережеге сәйкес оқу ақысына жеңілдіктер төмендегі санаттағы студенттерге қарастырылған:
- Ата-анасынан айрылған студенттер;
- мүгедектігі бар білім алушылар;
- ата-анасының бірі мүгедектігі бар білім алушылар;
- аз қамтылған отбасынан шыққан студенттер;
- бір отбасынан екі немесе одан да көп баласы университетте ақылы негізде білім алып жатқан студенттер.
Сонымен қатар білім алушылардың ынтасын арттыру, қабілеттерін дамыту және университет өміріне белсенді қатысуын қолдау мақсатында шығармашылық және спорт салаларында жоғары жетістіктерге жеткен, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан студенттерге де оқу ақысына жеңілдіктер беру қарастырылған.
Айта кетейік, оқу ақысына жеңілдіктер беру туралы соңғы шешім университеттің Ғылыми кеңесінің отырысында қаралғаннан кейін қабылданып, қорытынды нәтижелер ресми түрде жарияланады.
.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз