Жаңалықтар
Жетістіктер тарихы: бейресми білім беру бағдарламалары арқылы жаңа кәсіби мүмкіндіктерге қол жеткізу
- Қаралды: 12
Қазіргі уақыттағы ақпараттар ағыны мен өзгермелі әлемнің жылдам қарқынмен дамуы өмірдегі түрлі саланы қамтып, олардың көрінісін заңдылықтарға сай өзгертіп отыр. Білім саласы да осы өзгерістерге бейімді салалардың бірі. Білім алу мен дағдыларды игерудің жылдамдығы, форматы, құралдары өзгеруде. Бұл жаңашылдықтардың барлығы уақыт талабына сай орын алып отыр.
Осылардың қатарында бейресми білім беру бағдарламалары арқылы жаңа кәсіби мүмкіндіктерге қол жеткізуді айтсақ болады. Университетімізде бейресми білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру, жүзеге асыру жақсы жолға қойылған. Мысалы, педагогикалық емес кәсіптік білімі бар, тиісті бейіні бойынша алғаш рет педагогтің кәсіби қызметіне кірісетін тұлғаларға арналған Педагогтік қайта даярлау курстары 2021 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Аталған курстарды ұйымдастырудың мақсаты қазіргі заманғы педагогикалық, коммуникативтік, цифрлық құзыреттіліктерге және инклюзивті білім беру дағдыларына ие тұлғаларды педагогтік қайта даярлау арқылы өңірдегі педагог кадрлардың жетіспеушілігі проблемасын шешу болып табылады. Педагогтік қайта даярлаудың 15 білім беру траекториясы бойынша 2025-2026 оқу жылында 73 тыңдаушы бітіріп шықты, ал осы ағымдағы оқу жылында 42 адам білім алуда.
Сонымен қатар, университетте «Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар» (279 тыңдаушы); «Инклюзивті жоғары білім: ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерді педагогикалық-психологиялық қолдау технологиялары» (59 тыңдаушы); «Заманауи оқыту технологиялары» курсы бойынша 88 профессор-оқытушы біліктілігін арттырды.
Осындай біліктілікті арттыру іс-шараларының мақсаты: оқытушылардың цифрлық құзыреттерін дамыту; ЖИ-технологияларды білім беру бағдарламалары мен оқу процесіне ықпалдастыру; заманауи ЖИ-құралдарымен жұмыс істеуге қабілетті кадрлар даярлау; оқу орнында цифрлық мәдениетті қалыптастыру.
«Пән мен тілді кіріктіру (CLIL) әдістемесін оқыту» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы бойынша 19 тыңдаушы: үштілді оқу бағдарламасындағы CLIL әдісі, кіріктірілген білім бағдарламасының модульдер бойынша білімін арттырды.
«Студентке бағдарланған білім беру жағдайында профессор-оқытушы құрамының кәсіби құзыреттілігін дамыту» курсы бойынша 110 жас оқытушы біліктілігін арттырды.
«Шетел тілін оқытуындағы жаңа үрдістер: цифрлық адаптивті технологиялар және жасанды интеллект»біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылып, осы курс бойынша 48 оқытушы оқыды.
Зейнет жасындағы аға буын өкілдеріне арналған «Салиқалы университет» жобасы аясында арнайы 6 бағдарлама даярланған, бұл жоба бесінші жылы жүзеге асырылып келеді.Осы мақсаттағы «Бағбан» курсы 2026 жылы мерзімінде ұйымдастырылып, 20 зейнеткер біліктілігін арттырды.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз