Жаңалықтар
Ғылымға арналған ғұмыр: академик Оразалы Балабековтің есімі ұлықталды
- Қаралды: 139
Бүгін – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Балабеков Оразалы Сәтімбекұлының туған күні. Биыл ғылым мен білімге ғұмырын арнаған көрнекті ғалымның туғанына 85 жыл толып отыр.
Осыған орай Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде академик Оразалы Балабековке арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Тағылымды шараға ғалымның туған-туыстары, әріптестері мен шәкірттері, университет басшылығы және ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты.
Университеттің ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректоры, химия ғылымдарының кандидаты Хайдар Тасибеков мемориалдық тақтаның маңызына тоқталып, оның жас ұрпаққа ғалымның өмір жолы мен еңбегін танытып, ғылыми мұрасын ұлықтаудағы рөлін атап өтті.
Оразалы Сәтімбекұлы отыз жылға жуық уақыт Қазақ химия-технология институтында (ҚазХТИ) еңбек етіп, химиялық технология процестері мен аппараттары саласының дамуына зор үлес қосты. Еңбек жолын 1964 жылы ассистент қызметінен бастаған ғалым институттың ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры қызметіне дейін көтерілді. Ол көптеген шәкірт тәрбиелеп, бүгінде «Балабеков мектебі» деген атпен танылған ғылыми бағыттың негізін қалады.
Академиктің ғылыми мұрасы да ауқымды: ол 700-ге жуық ғылыми еңбектің, оның ішінде 27 монография мен 117 патенттің авторы. Зерттеулері химиялық-технологиялық процестердің теориялық негіздерін дамытуға, технологиялық аппараттарды жетілдіруге және өнеркәсіптік экология мәселелерін шешуге бағытталды.
Мемориалдық тақтаның ашылуынан кейін «Академик Балабеков – әріптес, ғалым және ұстаз» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті. Жиында ғалымның әріптестері, шәкірттері мен шетелдік ғылыми қауымдастық өкілдері оның ғылымға қосқан үлесі, ұстаздық өнегесі және адамдық қасиеттері туралы естеліктерімен бөлісті.
Басқосуда «Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасының профессоры, «Инновациялық жабдықтарды жобалау» зертханасының меңгерушісі Александр Волненко, Химия-технологиялық ғылымдар ғылыми-зерттеу институтының директоры Жамбыл Айменов және «Новоджамбыл фосфор зауыты» директоры Абсамат Керембаев сөз сөйледі.
Халықаралық жиынға Ресей Федерациясының еңбек сіңірген ғылым қайраткері Сергей Федосов, Украина Инженерлік академиясының академигі Леонид Пляцук және Қырғыз-Түрік «Манас» университеті президентінің кеңесшісі Зарлык Маймеков те қатысты.
Іс-шараны «Технологиялық машиналар және жабдықтар» кафедрасының ұжымы ұйымдастырды.
Академик Оразалы Балабековтің есімі мен ғылыми мұрасы — университет тарихының ажырамас бөлігі. Ғалымның ғылымға сіңірген еңбегі, қалыптастырған ғылыми мектебі мен тәрбиелеген шәкірттері оның өнегелі жолын жалғастырып, отандық ғылымның дамуына қызмет ете бермек.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз