Жаңалықтар
Гүлнара Тастанбекова «Аграрлық» факультеттің деканы болып тағайындалды
- Қаралды: 113
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Аграрлық» факультетінің деканы қызметіне ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қазақстан Республикасы Қазақ аграрлық ғылымдар академиясының академигі Тастанбекова Гүлнара Рахимбердіқызы тағайындалды.
Гүлнара Рахимбердіқызы – ауыл шаруашылығы ғылымы, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жоғары білім беру салаларында мол тәжірибесі бар білікті маман.
Еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер болып бастап, кейін Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығында ғылыми және басшылық қызметтер атқарған.
Әр жылдары университетімізде Агроөнеркәсіп институты директорының ғылым жөніндегі орынбасары, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру кеңсесінің басшысы, сондай-ақ Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында бас директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары және ғылым жөніндегі басқарушы директор қызметтерін атқарған.
Гүлнара Рахимбердіқызы бұған дейін де «Аграрлық» факультетте басшылық қызмет атқарып, факультеттің ғылыми әлеуетін арттыруға, аграрлық білім мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға және білікті мамандар даярлау ісін жетілдіруге елеулі үлес қосты.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз