«ZANDY KULKI»: Шымкентте республикалық жайдарман ойындары өтті

Қоғамда заң үстемдігін қалыптастыру, жастардың құқықтық мәдениетін арттыру және адалдық құндылықтарын дәріптеу – баршаға ортақ міндет.
Осыған орай ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Заңды күлкі» республикалық Жайдарман ойынын ұйымдастырды.
Әзіл кеші «Қызғалдақ» сарайында өтті. Өнер көрсеткен командаларға елімізге танымал өнер жұлдыздарымен қатар Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Мұхтар Төлеген де қазылық етіп, төрелік жасады.
«Заң мен тәртіп» қағидасы аясында өткізілген бұл іс-шара жастарға заңдылық пен жауапкершіліктің мәнін, интернет-алаяқтық пен қаржы пирамидаларының алдын алу жолдарын әзілмен жеткізіп, қоғамдағы өзекті мәселелерге бей-жай қарамауға үндейді.
Еліміздің әр өңірінен жиналған Жайдарман командалары өз өнерлерін ортаға салып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, маңызды қоғамдық мәселелерді де қозғады.
Осындай тағылымды бастамалар өскелең ұрпақтың азаматтық ұстанымын нығайтып, құқықтық сауатты әрі жауапкершілігі жоғары қоғам қалыптастыруға үлесін қосары сөзсіз.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.