Жаңалықтар
Химик-ғалым ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректоры қызметіне тағайындалды
- Қаралды: 25
Хайдар Сүлейманұлы Тасибеков Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма мүшесі-ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі проректоры қызметіне тағайындалды.
Хайдар Сүлейманұлы – химия ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының және ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі. Ғылыми-зерттеу және жоғары білім беру саласында мол тәжірибесі бар білікті ғалым. 25 жылдан астам еңбек өтілі бар, оның 15 жылы басшылық қызметтерде өткен.
Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химия факультетін “Химия өндірістерінің негізгі процестері және химиялық кибернетика” мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейін химия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған. Еңбек жолында оқытушыдан бастап профессор, кафедра меңгерушісі, факультет деканы, ғылыми және инновациялық қызмет департаментінің директоры, ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор, “Мемлекеттік ғылыми техникалық-сараптама Ұлттық орталығы” АҚ Басқарма мүшесі - Вице-Президенті, “Ә. Бектұров атындағы Химия ғылымдары институты” АҚ Басқарма төрағасы - Бас директоры қызметтерін атқарған.
Ғалымның ғылыми зерттеулері аналитикалық және коллоидтық химия, сирек элементтер химиясы мен технологиясы, химиялық талдау әдістері және инновациялық зерттеулер бағыттарын қамтиды.
Хайдар Тасибеков – 120-дан астам ғылыми жарияланымның, екі оқулықтың, екі әдістемелік құралдың және бір монографияның авторы. Оның ғылыми еңбектері отандық және халықаралық басылымдарда жарық көрген. Сонымен қатар ол ғылыми зерттеулерді дамытуға, ғылыми әлеуетті арттыруға және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге елеулі үлес қосып келеді.
Ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін түрлі марапаттарға ие болып, ғылыми ортада өзіндік орны қалыптасқан.
.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз