Жаңалықтар
Әуезов университетінің 300-ден астам студенті «AQ-DALA» мақта фестиваліне жол тартты
- Қаралды: 7
Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Аграрлық» факультетінен 300-ден астам студент жолға шықты. Олар Отырар ауданында Дүниежүзілік мақта күніне орай өтіп жатқан «AQ-DALA» мақташылар фестиваліне қатысады. Жастар мақта алқабын аралап, мақта өсірудің заманауи технологияларымен, ауыл шаруашылығы техникаларымен және инновациялық шешімдермен танысады. Сондай-ақ агросаланың дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамдарымен жүздесіп, тәжірибе жинақтайды
Теорияны тәжірибемен ұштастырып, жаңа технологияларды көзбен көру – болашақ мамандар үшін үлкен мүмкіндік!Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз



