Бокстан Азия ойындарының жүлдегерлерін салтанатты түрде қарсы алды

Жапонияның Аичи және Нагоя қаласында өткен ХХ Жазғы Азия ойындарында жерлестеріміз, ағайынды Махмұд және Төрехан Сабырхан жеңімпаз және жүлдегер атанған болатын. Азия ойындарының чемпионы Төрехан мен қола жүлдегер Махмұд Сабырханды Қажымұқан атындағы Орталық стадионда салтанатты күтіп алу іс-шарасы өтті. 
 
Жиынға спорт мектебі басшылары мен жаттықтырушылар, жерлестері, жанкүйерлері және туған-туыстары, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің Басқарма мүшесі – Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Ғани Бесбаев бастаған университет ұжымы мен 300-ге жуық студент қатысты.
 
Кездесудің басты мақсаты – ел намысын абыроймен қорғап, Азия төрінде жеңіске жеткен спортшыларға қолдау білдіру, жастар арасында спортты насихаттап, отансүйгіштік рухты арттыру.
 
Чемпиондармен жүздесу жастарға үлкен мотивация сыйлап, табандылықтың, еңбекқорлықтың және жеңіске деген жігердің жарқын үлгісін көрсетті.
 
Мұхтар Әуезов атындағы ОҚЗУ ел спортының дамуына, жастардың жан-жақты қалыптасуына әрдайым қолдау көрсетеді!

Жеңістеріңіз құтты болсын, чемпиондар!


Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.