Жаңалықтар
Ұстаз – ұлы тұлға
- Қаралды: 47
Шымкентте Ұстаздар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Алқалы жиынға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков арнайы қатысып, салаға еңбегі сіңген мұғалімдер қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады.
Шаһар басшысы өз сөзінде соңғы екі жылда 13 білім нысаны ашылғанын және «Тұран», «Shymkent City», «Асар-2» шағынаудандарында жаңа мектептер бой көтеріп жатқанын атап өтті. Ұлағатты ұстаздардың қажырлы еңбегінің нәтижесінде қала оқушылары халықаралық және республикалық додаларда 16 алтын, 44 күміс, 63 қола медаль еншілеген.
Мерекелік кештің ең жарқын сәтінде Мемлекет басшысы мен қала әкімдігі атынан сала үздіктері марапатталды. Олардың қатарында Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің аға оқытушысы Оразбақова Ұлбала Темірқызы да бар. Сахна төрінде ерекше құрмет көрсеткен Ғабит Әбдімәжитұлы парасатты ұстазға ғылым мен білім жолындағы елеулі еңбегі үшін шынайы ризашылығын білдіріп, арнайы марапат пен ықылас гүлін табыстады.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз