Ректор: әскери даярлықта сапа мен тәртіп қатар жүруі тиіс

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Төлеген Әскери кафедраның жұмысымен танысып, ұжыммен жүздесті.
Кездесуде әскери даярлық сапасын арттыру, оқу-жаттығу үдерісін жетілдіру, материалдық-техникалық базаны нығайту және студенттердің әскери тәртібін қалыптастыру мәселелері талқыланды. Мұхтар Әділбекұлы кафедраның оқу аудиториялары мен арнайы кабинеттерін аралап, әскери даярлыққа арналған оқу-жаттығу нысандарының жай-күйімен танысты.
«Қарулы Күштерге деген құрмет жоғары болуы керек. Студенттердің білім деңгейін көтеріп, кәсіби даярлығын жетілдіруге басымдық беруіміз қажет», – деді ол.
1963 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Әскери кафедра осы уақытқа дейін 22 мыңнан астам офицер мен сержант даярлап шығарды. Қазіргі таңда мұнда 27 профессор-оқытушы қызмет атқарады. Әскери даярлықтың 9 бағдарламасы бойынша 355 студент білім алып жатыр.
Басқарма төрағасы-ректор болашақ сержанттардың кәсіби білімі мен практикалық дағдыларына да ерекше тоқталды. «Олар жауынгерлік даярлықты, басқару негіздерін, әскери тәртіпті сақтауды, әскери жарғыларды білуі және заңдарды жетік меңгеруі керек. Басқа оқу орындарымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасаймыз», – деді Мұхтар Төлеген.
Кездесу барысында әскери даярлық сапасын арттыру, оқу үдерісін жетілдіру және кафедраның материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыстарды жалғастырудың маңыздылығы да шегеленді.

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5


Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru


Please publish modules in offcanvas position.