Жаңалықтар
DIGITAL BRIDGE 2026: Auezov university студенттері жасанды интеллект саласындағы озық жобаларын ұсынды
- Қаралды: 8
Жасанды интеллект туралы көп айтылады. Ал Auezov University студенттері оны нақты жобаларға айналдырып жатыр.
AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы аясында еліміздің 20 жоғары оқу орны студенттерінің әзірлеген үздік AI-жобалары көпшілік назарына ұсынылды. Солардың қатарында Auezov University студенттерінің үш жобасы да бар.
Бүгінде AI-Sana бағдарламасына Қазақстанның 106 жоғары оқу орны қатысады. Бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі — студенттердің AI саласындағы білімін практикада қолдануына және нақты мәселелерге арналған технологиялық шешімдер әзірлеуіне мүмкіндік беру.
Көрмеде Auezov University атынан үш жоба таныстырылды:
Auezov AI — студенттер мен университет қауымдастығына қажетті ақпаратты жылдам ұсынуға арналған интеллектуалды чат-бот;
AI Attendance — компьютерлік көру және жасанды интеллект технологиялары арқылы сабаққа қатысуды автоматты түрде анықтайтын жүйе;
KazSMM — контент дайындау, оны талдау және цифрлық коммуникацияны тиімді басқаруға бағытталған AI-жоба.
Бұл жобалардың әрқайсысы жасанды интеллекттің университет өміріндегі нақты қолданылу мүмкіндігін көрсетеді. Бірі — ақпаратпен жұмыс істеуді жеңілдетсе, бірі — оқу үдерісін автоматтандыруға, енді бірі — цифрлық коммуникацияны тиімді ұйымдастыруға бағытталған.
Ең маңыздысы — бұл идеялардың барлығы студенттік ортадан бастау алады. Университет үшін мұндай жобалар тек технологиялық жаңалық емес, студенттердің алған білімін нақты мәселелерді шешуге қолдануының нәтижесі.
Auezov University — идеядан инновацияға, инновациядан нақты шешімге!

Егер Сіз қатені байқасаңыз, мәтін бөлігін таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз